«Жығылған күреске тоймайды» деген рас-ау. Кәсіпорын осыдан екі ай бұрын сұйық отынның бағасын 30 пайызға өсіру туралы қайрылып, таулары шағылған болатын. Бұл жолы басқа жақтан тасымалданатын газ құнының қымбаттығын, еңбеккерлер жалақысының төмендігін, көптен бері жөндеу жұмыстарының жүргізілмегендігін тағы да алға тартып отыр. Монополист компанияның ұсынысы қабылданса, бір текше метр көгілдір отынның бағасы 383 теңгеден 459 теңгеге бірақ шарықтайды.
Қоғамдық тыңдауға қатысқан тұрғындар газ бағасын өсіруге еш негіз жоқ деп отыр. Ардагерлер кеңесі жанындағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Амангелді Кенжеғожиновтын айтуынша, бағаны 19,8 пайызға көтеру еш ақылға сыймайды. Газголдерлер алмастырылмаса, жаңа газ құрылғылары орнатылмаса, қандай шығын шегіп отығаны түсініксіз дейді.
Естеріңізге сала кетсек, газ бағасы былтыр бес пайызға қымбаттаған болатын.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Петропавл